«Ақжолдықтардың» Түркістан төріндегі кездесулері

25 қыркүйек 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалы

Об этом сообщает Компромат

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев бастаған фракцияның бір топ депутаттары Түркістан өңіріне іс-сапармен келді. Сапар барысында халық қалаулылары алдымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етіп, құран бағыштады.

Мұнан соң жергілікті алма, шабдалы бақтарын баптайтын, күркетауық өсіретін, логистикамен айналысатын кәсіпкерлермен кездесті. Естеріңізе сала кетейік, партия жетекшісі Азат Перуашев жақында Үкіметке Өзбекстанмен сауда саясаты туралы депутаттық сауал жолдаған болатын. Кәсіпкерлер бұл сауалдың өзектілігіне тоқталып, пікірлер мен ұсыныстарын жеткізді. Бұл мәселе көрші елде де қызу талқыланып жатқан сыңайлы.

Депутаттардың сапары Түркістан қаласындағы жекеменшік «Талғат» клиникасында жалғасын тапты. Азат Перуашев ақ халатты жандарға індетпен күрес кезінде қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, ерліктерін жоғары бағалады. Пандемия кезінде клиника провизорлық орталық және жансақтау бөлімі ретінде жұмыс істеген. Барлығы 300-ден астам науқас келіп түскен, өкінішке орай олардың 6-уы қайтыс болған.

-Дәрігерлер мен медбикелер екі ай үй көрмей, осында тұрып жұмыс жасаған. Дәрігерлер жағдай шиеленіскен кезде мемлекеттік органдардың жекеменшік клиникаларға қажетті дәрі-дәрмек пен құралдармен қамтамасыз етуде қауқар көрсете алмағанына қынжылды. Олар бұл мәселенің шешілуін сұрап, «Ақ жол» партиясына хабарласқан болатын. Біз жеке медициналық мекемелерді COVID-19-бен күреске тартуға және олармен өзара іс-қимылды қайта қарау жөнінде ҚР Үкіметіне, Денсаулық сақтау министрлігіне де бірнеше сауал жолдадық. Дәрігерлер қазірдің өзінде Еуропа мен Ресейде басталған індеттің екінші толқынына дайындық пен оған нақты жоспардың болмауына алаңдайды. Бұл мәселені мемлекеттік органдардың алдына қоятын боламыз- деді А.Перуашев.

Фракция депутаттарының аймақтағы сапары жалғасуда.

Источник: “https://akzhol.kz/a-zholdy-tardy-t-rkistan-t-rindegi-kezdesuleri/”