Жастарды кәсіпкерлікке баулу үшін кәсіптік бағдардың қыр-сыры түсіндірілді

12 қазан 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Об этом сообщает Компромат 2.0

«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен жастарды кәсіпкерлікке баулу үшін кәсіптік бағдар туралы онлайн кездесу өтті.

Кездесуге Орал қаласындағы «ТДК-42» телеарнасының бейнемонтажері Виталий Калашников арнай шақырылды. Виталий Калашников бейнемонтажбен айналысып жүрген 15 жылдық тәжірибесі бар маман. Ол бейнемонтажды аса жоғары қығызуышылықтың арқасында үйренгенін айтты. Алғаш үйренуді бастаған кезде ешқандай әдебиет, нұсқаулық болмады. Көп ізденіп, жан-жақты меңгеруге тырыстым. Ал қазір монтажды үйренемін деген адамға барлығы дайын. Себебі ғаламтор арқылы көптеген бейнекурстар мен сабақтар бар. Шын ықыласпен кіріскен адам 3 айдың ішінде негізгі деңгейді біліп шығады. Кәсіби қызмет үшін Adobe-тің барлық топтамасымен жұмыс істей алды. Ал мектеп бітірген жастар бұл мамандықты жоғары деңгейде меңгеріп, кәсіби маман атанғысы келсе шет елде оқуға кеңес берер едім. Өйткені, біздің заманымыз жаңа технологиялар мен бірге дамуда. Сондықтан шет ел техналогиясымен танысып үйрену жастарға оңайырақ болады, – деді Виталий Калашников.

Бейнемонтаж – шығармашылық жұмыстың сәтті шығуына үлкен септігін тигізетін бөлім. Көрерменге тартымды бейнелер мен әртүрлі эффектілер кез-келген бейненің әсерін келтіреді.
Кездесуге қатысқан жастар сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.

Источник: “https://akzhol.kz/zhastardy-k-sipkerlikke-baulu-shin-k-siptik-ba-dardy-yr-syry-t-sindirildi/”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *